Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді

0
2 716

Құжат 19 наурызда күшіне енеді.


Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құжат 19 наурызда күшіне енеді. Бұйрыққа сәйкес Ұлттық спорт түрлерінің тізбесіне:

  • Аударыспақ;
  • Асық ату;
  • Бәйге;
  • Жамбы ату;
  • Жекпе-жек;
  • Көкпар;
  • Қазақша күрес;
  • Құсбегілік;
  • Тоғызқұмалақ.

Бұған дейін Қазақстан парламентінің депутаттары білім беру мекемелерінде ұлттық спорт түрлерін енгізу арқылы бұқаралық спортты дамытуды көздейтін заң жобасын қарады.

Жоба жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарында ұлттық спорт түрлерін дамытуды көздейді.