Үш мезгіл тегін тамақ беретін асхана ашылды

0
2 117

Күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие


Үш мезгіл тегін тамақ беретін асхана ашылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы орталық мешіті және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен «УАҚЫП» асханасы ашылды, деп жазады Baq.kz.

Muftyat.kz сайтының жазуынша, «УАҚЫП» асханасы аптасына бес күн әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Сондай-ақ, күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие. Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.

Асхананың ашылуына ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қари Керімбекұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков және басқа да айтулы азаматтар қатысты. Олар игілікті іске сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.