Үш жасар бала шұжықтан уланып қайтыс болды

0
1 341

Зардап шеккендердің бәрі ол күні қонаққа барған.


Үш жасар бала шұжықтан уланып қайтыс болды

сурет:www.severinform.ru

ERNUR.KZ. 12 қараша күні Маңғыстау облыстық ауруханасына бір отбасының алты бірдей мүшесі келіп түскен. Екі ересек пен төрт баланың тамақтан уланғаны анықталды, деп жазады Lada сайты.

Зардап шеккендердің бәрі ол күні қонаққа барған.

- Біз қонаққа бардық, балалар шұжық сұрады. Үйдің иесі оның ескіргенін айтты. Соған қарамастан балаларға шұжықты қуырып бердім. Түнгі бірлер шамасында кішкентайым ауырып, құса бастады. Оның асқазанын марганец ерітіндісімен жудым. Ол ұйықтап қалды. Артынша үш балам да ауыра бастады. Менде мазасыздана бастадым. Дереу жедел жәрдем шақырдық, - деді қайтыс болған баланың анасы Лидия.

«Өкінішке орай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Таңғы сағат 7:00-де қайтыс болды. Бұл отбасының ата-аналары алкогольді ішімдікті көп ішеді. Қазіргі кезде отағасынан басқасының бәрі инфекциялық ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр», - деді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.