"Үштен бірін кесіп тастаған": Сүндеттеу кезінде зақым алған баланың ата-анасы дәрігерді жазалауды сұрайды

0
695

Павлодарда 5 жасар бала сүндетке отырғызу кезінде ауыр жарақат алған.


ERNUR.KZ. Павлодар облысында сүндеттеу кезінде бес жасар ұлының денесіне зақым келгені ата-ана хирургты жазалауды талап етеді, деп жазады stan.kz.

Баласының мүшесінің үштен бірін кесіп тастаған дәрігерді жазалау үшін ата-ана медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгінді.

Дәрігер екі айға хирургиялық отадан шеттетілді. Қазіргі уақытта бала Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделуде.

“Өтініш негізінде департамент тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, жоспардан тыс тексеру ашты. Материалдар сараптамаға берілді. Тексеру нәтижелері бойынша жазбаша жауап жіберіледі”, – деді Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті медициналық қызмет басшысының м. а. Сабина Базарбек.

Осыған дейін Павлодарда 5 жасар бала сүндетке отырғызу кезінде ауыр жарақат алғаны хабарланды.