Үштөбе қаласында теміржол рельсінің үстінен асфальт төселіп кеткен

0
404

Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді.


Үштөбе қаласында теміржол рельсінің үстінен асфальт төселіп кеткен

ERNUR.KZ. Үштөбе қаласында теміржол рельсінің үстінен асфальт төселіп кеткен, деп жазады sputnik.kz.

Үштөбе қаласындағы теміржол рельстерінің үстіне асфальт төсеу туралы бейнепост назарға алынды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

"Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері аталған жерге барып, бұзушылық дерегін растады. Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны анықталды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Полиция хабарлауынша, әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді.