Вадим Басин QARMET-тің бас директоры болып тағайындалды

0
701

Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.


Вадим Басин QARMET-тің бас директоры болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда QARMET (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау) компаниясы ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.

"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

"Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады".Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вадим Басиннің "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға басшы болатынын жариялаған.

Вадим Басин 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

8 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ (QIC) қазақстандық мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акциясын сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтағаны белгілі болды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болғанын айтты.

Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртауға" ескі атауы - "Қарметтің" қайтарылуы мүмкін екенін айтқан еді.