Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма?

0
502

Вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.


Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма?

ERNUR.KZ. Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ӨКҚ-де өткен брифингте қызылшаға қарсы вакцинация жасатудан бас тартқандарға қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Вакцинациядан бас тартқаныңыз үшін жауапқа тартылмайсыз, вакцинация тек ерікті түрде жүргізіледі. Ересек адам тек өзі үшін жауап береді. Бірақ балаларды вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Бала кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. Балаларымызды қорғай отырып, біз жақындарымызды, өзге де балаларды қорғай аламыз. Популяция әсері деген сияқты құбылыс бар. Яғни біз қоғамда еш оқшауланусыз өмір сүріп жатырмыз. Елордада халықтың тығыздығының артуы бар, байланыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы жоғары. Біз өзімізді қаншалықты жақсы қорғасақ, қасымыздағы адамдарды да соғұрлым жақсы қорғаймыз. Инфекциялар үнемі біздің қасымызда жүретінін естен шығармағанымыз абзал. Олар бізді "жақсы көреді" және олар сол "махаббатты" көрсету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал біздің балаларымызға деген махаббатымызды көрсетудің жалғыз жолы – оларды уақытында вакцинациялау", - деді Сархат Бейсенова.