Валюталық операциялар бойынша ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне беру көзделіп отыр

0
1 875

Ақышев елден ақшаны әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізуде резиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аудару жолымен өтеуді көздемейтін қаржылай қарызды бейрезидентке беруі, бейрезиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аударуды көздемейтін қаржылай қарызды резидентке беруі, резиденттің үлестес емес бейрезидентке 720 күннен асатын мерзімге пайызсыз қаржылай қарызды беруі, репатриациялау мерзімі 720 күннен асатын экспортқа немесе импортқа ақы төлеу операциялары көзделген деп атап өтті.


Валюталық операциялар бойынша ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне беру көзделіп отыр

Елден ақшаны әкетуге қарсы іс-қимылды күшейту екі бағыт бойынша жүргізілетін болады: елден ақшаны әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органымен белсенді өзара іс-қимыл, оның ішінде ақпараттық іс-қимыл жасау. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру барысында айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақышев елден ақшаны әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізуде резиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аудару жолымен өтеуді көздемейтін қаржылай қарызды бейрезидентке беруі, бейрезиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аударуды көздемейтін қаржылай қарызды резидентке беруі, резиденттің үлестес емес бейрезидентке 720 күннен асатын мерзімге пайызсыз қаржылай қарызды беруі, репатриациялау мерзімі 720 күннен асатын экспортқа немесе импортқа ақы төлеу операциялары көзделген деп атап өтті. «Банктер мұндай операцияларды резидент ақпаратты валюталық бақылау органдарына беруге рұқсат берген кезде ғана жүзеге асырады», - деді Д. Ақышев. Ол ақшаны әкетуге қарсы іс-қимыл мақсатындағы екінші бағыт – бұл мемлекеттік кірістер органымен белсенді өзара іс-қимыл, оның ішінде ақпараттық іс-қимыл жасау екендігін атап өтті. «Ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне неге ерекше назар аударылады? Себебі капиталдың әкетілуін бақылауды заңның номаларымен ғана қамтамасыз ету мүмкін емес. Капиталды әкету заңсыз жолмен немесе заңды мәмілелер арқылы жасыра отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Тікелей шектеу шаралары адал кәсіпкерлер үшін инвестициялық ахуалды және бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл сондай-ақ нарықтық экономикаға тән емес», - деп атап өтті Д. Ақышев. Ұлттық Банк басшысы мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты қолданыстағы және тиімді ақпарат алмасу әртүрлі мемлекеттік органдарға түсетін бірдей мәміле бойынша дәйексіз мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді. «Сондықтан заң жобасында валюталық операциялар бойынша банктік құпия қамтылған ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне беру құқығы көзделеді», - деп қорытындылады Д. Ақышев.