​WhatsApp-та топтарға қосуға тыйым салатын функция пайда болды

0
1 430

Қолданушы оны топтарға қосқанын қаламаса, басқа қолданушылар үш күн ішінде оған жеке хабарламалар жолдап, топқа қосылуын ұсына алады.


​WhatsApp-та топтарға қосуға тыйым салатын функция пайда болды

ERNUR.KZ. Gadgets Now Енді WhatsApp мессенджерінде қолданушы өзін топтарға кімнің қоса алатынын таңдай алатын болды. Жаңа функция туралы компанияның сайтында айтылады, - деп Tengrinews.kz.

Компаниядағылардың айтуынша, ол жаңа функцияны "Топтар" бөлімінен көруге болады. Қолданушы оны топтарға қосқанын қаламаса, басқа қолданушылар үш күн ішінде оған жеке хабарламалар жолдап, топқа қосылуын ұсына алады. Жаңа функция бүгін кейбір қолданушылардың телефондарында пайда болды, ал кейінірек WhatsApp-тың соңғы жаңартылған нұсқасының барлығында осы функция жұмыс істейді.