​Ет бағасы қымбаттады

0
3 034

Биылғы қаңтар айында 1 келі сиыр еті елімізде 1462,1 теңге, яғни 15,1%-ға қымбаттаған. Ал, қой етінің келісі 14,7% пайызға өсіп, 1383,3 теңгені құрады. Шымкент қаласында жылқы еті 1600-2000 теңге аралығында, қой -1300, ал сиыр еті – 1450 теңгеден сатылып жатыр.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 17,8 келіні құраған. Еттің қымбаттауынан азық-түліктің осы түрін тұрғындар аз тұтына бастаған. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде –қазақстандықтар 5,6 кг сиыр еті (2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 3,1%-ға аз) және қой етін 1,9 келі ( 2016 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,8%-ға аз) сатып алған.

Зерттеулер көрсеткендей, қалалықтар ет пен ет өнімдерін ауылдықтарға қарағанда көп тұтынады екен. Бір жылда қала тұрғыны – 18,7 келі ет жесе, ауыл адамының асындағы еттің жылдық мөлшері 16,6 келі.

Ет және ет өнімдері бағасының қымбаттауы еліміздің ірі қалаларында орын алған. Ең жоғары баға Астана және Алматы қалаларында тіркелді.