Заңғар Нұрланұлы халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды

0
435

14 жастағы Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.


Заңғар Нұрланұлы халықаралық теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп жазады sputnik.kz.

14 жастағы Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1.
"Заңғар дода барысында Австрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Заңғар Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.
Бұл – Заңғар Нұрланұлының Халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы, дейді теннис федерациясы.