Запастағы 752 офицер екі жылға әскери қызметке шақырылады

0
416

Құжат 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.


Запастағы 752 офицер екі жылға әскери қызметке шақырылады

ERNUR.KZ. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп жазады inform.kz.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес шығарылған Үкімет Қаулысында айтылғандай, офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады.

Қаулы қосымшасында еліміздің Қарулы күштеріне – 600, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына – 42 және Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30, жалпы 752 офицердің әскери қызметке шақырылатындығы көрсетілген.

Құжат 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.