Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

0
875

Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес дайындалып отыр.


Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

ERNUR.KZ. 2024 жылы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысы бекітіледі, деп жазады baq.kz.

Қорғаныс министрлігі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес дайындалып отыр.

Қаулы жобасында 2024 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған, - делінген хабарламада.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14810996