«Жайдармандағы» жалаңаш жігіттердің әрекетіне қатысты түсініктеме берілді

0
1 957

Болған жайды жайдарманшылардың бірі түсіріп салып жіберген болуы мүмкін.


«Жайдармандағы» жалаңаш жігіттердің әрекетіне қатысты түсініктеме берілді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жайдарманда болған жалаңаш жігіттердің әрекетіне қатысты видео тарады, деп жазады baq.kz.

Есен Елеукен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталған жағдайдың болғанын растады. Бірақ желіде жазылғандай жайдарманның ресми ойынында емес, маусымашарында редактура кезінде болған оқиға екенін айтты. Ойын ортасынан тоқтатылып, командаға да, қалған командаларға да ескерту жасалғанын жеткізді.

Биыл Жайдарманның "Маусымашарына" 223 команда келді. Оның бәрін эфирге шығара бермейміз. Сол үшін арнайы 2-3 редактура өтеді. Сол кезде жайдарманшылар өздері дайындап әкелген әзілдерін орындайды, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, редактура жаңағыдай оқиғалар орын алмас үшін керек екенін, ол кезде залда жайдарманшылардың өздері отыратынын хабарлады. Оның ойынша, болған жайды жайдарманшылардың бірі түсіріп салып жіберген.

Жайдарман - ойын ғана емес, жалпы қазіргі қазақ жастарының да деңгейін білдіретін алаң. Сол алаңда ала да, құла да кездеседі. Бірақ оның барлығы жұртшылыққа жариялана бермейді. Жаңағы командаға қатаң ескерту бергенбіз. Енді қайталанса, маусымнан шеттетілуі де мүмкін, – деді Есен Елеукен.