Жайылымдардың 40 пайызы өте нашар жағдайда - Аэроғарыш комитеті

0
665

​Ал 4,0 млн га жайылым қатты деградацияланған.


Жайылымдардың 40 пайызы өте нашар жағдайда - Аэроғарыш комитеті

ERNUR.KZ. ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жайылымдық жерлердің сапасы туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жайылымдық алқаптардың ғарыштық мониторингі нәтижесінде 2022 жылдың көктемгі маусымында ҚР-ның 60 ауданы бойынша жайылымдық» алқаптардың 26,2%-ы өте нашар жағдайда және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталды.2018-2022 жылдары ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің салалық міндеттерін шешу үшін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізілді. 2019 жылдан бастап мониторинг ҚР АШМ сұрауы бойынша ҚР әкімшілік аудандары бөлінісінде жүргізілді: 2019 және 2020 жылдары – 8 аудан аудан бойынша, 2021 жылы – 45 аудан, 2022 жылы – 60 аудан. 2023 жылдан бастап жайылымдық жерлерді спутниктік бағалау ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (ҚР СЖжРА ҰСБ) үшін ҚР барлық әкімшілік аудандары мен қалалық әкімшіліктері бөлінісінде жүргізіледі», - деді ол.

Ол 2022 жылғы көктемгі кезеңде жайылымдық жерлерді бағалау көрсеткіштері жайлы айтты.

  • 26,2% жайылым өте нашар жағдайда болды;
  • 1,4 млн га жайылым қатты дәрежеде деградацияланған;
  • жайылымдық өсімдіктердің орташа өнімділігі 4,8 ц/га құрады.

2023 жылы көктемгі кезеңде жайылымдық жерлерді бағалау көрсеткіштері келесідей болды:

  • 40,0% жайылым өте нашар жағдайда болды;
  • 4,0 млн га жайылым қатты дәрежеде деградацияланған;
  • жайылымдық өсімдіктердің орташа өнімділігі 4,6 ц/га құрады.