Жақында бір шешімге келеміз – Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнет жасын төмендету жайлы

0
375

Министр бұл мәселе бойынша қай кезде болса да, келісімке келуге дайын екенін мәлім етті.


Жақында бір шешімге келеміз – Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнет жасын төмендету жайлы

ERNUR.KZ. Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қашан шешілуі мүмкін? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кеше мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін тағы бір рет кездесеміз. Жақында біз белгілі бір шешімге келеміз деп ойлаймын», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр бұл мәселе бойынша қай кезде болса да, келісімке келуге дайын екенін мәлім етті.

«Мен ертең-ақ белгілі келсімге келуге дайынмын. Бірақ бұл біздің серіктестерімізге де байланысты. Айдың соңына қарай бұл мәселе бойынша нәтижелер белгілі болып қалады деп ойлаймын», - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, былтырдан бері елімізде шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланып келе жатыр.