Жақында Қазақстанның жол қозғалысы ережесіне самокатты пайдалану ережесі де енгізіледі

0
781

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қандай жаза түрлері белгіленетіні әзірше белгісіз.


Жақында Қазақстанның жол қозғалысы ережесіне самокатты пайдалану ережесі де енгізіледі

ERNUR.KZ. Шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттарды пайдалану стандарты бекітілгені хабарланған еді, деп жазады zakon.kz.

Бекітілген стандарттар электр самокатын басқаратын адамның құқығы, қосымша жолаушыларсыз жүру, жылдамдықты 50 км/сағ асырмау, оған тұрған күйде міну және тағы сол сияқты нәрселерді қамтиды.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев осыған байланысты Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілетінін айтты.

Электр самокатқа арналған стандарттың қабылдануына байланысты министрлік жақын арада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде Жол қозғалысы ережелеріне оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр, – деп жауап берді Жандос Мұраталиев ресми сауалға.

Полиция қызметкерлері самокат жүргізушілерінің жолда жүру ережесін сақтауын «жалпы негізде, күнделікті патрульдік қызмет аясында» қадағалайтын болады.

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қандай жаза түрлері белгіленетіні әзірше белгісіз.