Жалақыны көтеруге 2,5 трлн теңге бөлінеді

0
878

Келесі жылы Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін 3,5 трлн теңге көзделген.


Жалақыны көтеруге 2,5 трлн теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәжілісте "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды, деп жазады sputnik.kz.

"Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 3,5 трлн теңге қарастырылған", - деді ол мәжіліс отырысында.
Оның ішінде бюджеттен:
1,5 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге 2,5 трлн теңге;
өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 724 млрд теңге;
"Ауыл аманаты" жобасы аясында 100 млрд теңге;
мемлекеттік және әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі шараларды іске асыруға 378 млрд теңге көзделген.
Сондай-ақ вице-министр 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңгені құрайтынын атап өтті. Оның ішінде базалық зейнетақы мен жәрдемақы инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақы инфляциядан 2%-ке индекстеледі.
"Балалары бар отбасыларды қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. 2023 жылдан бастап 93 мыңға жуық көпбалалы анаға жәрдемақы көбейтілді. Осы мақсатқа 2024 жылы 93,3 млрд теңге көзделген", - деді Абзал Бейсенбекұлы.
Бұған қоса ол әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалғанын еске салды. Бұл 150 мыңнан астам адамға қатысты болады және есепті кезеңде 473 млрд теңгеге жуық қаражатты қажет етеді.