Жамбыл облысында 3 су қоймасы салынса, Қырғызстанға тәуелділік азаяды - министр

0
687

Шу мен Таластан су алып отырған өңірлерде жерасты суын пайдалану көлемі ұлғаймақ.


Жамбыл облысында 3 су қоймасы салынса, Қырғызстанға тәуелділік азаяды - министр

ERNUR.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қырғыз тарапынан алатын судың бір бөлігін жергілікті су қоймаларын салу арқылы қамтамасыз етуге болатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шу және Талас өзендері бойынша қырғыз тарапымен мемлекетаралық пайдаланудағы гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстауға және реконструкциялауға бөлінетін қаржыны көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол Мәжіліс қабырғасындағы Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, Шу мен Таластан су алып отырған өңірлерде жерасты суын пайдалану көлемі ұлғаймақ.

«Қырғыз тарапына тәуелділікті азайту үшін Жамбыл облысында 3 су қоймасын салу жұмысы басталып, суару қажеттігі үшін жерасты көздерін пайдалану көлемі ұлғаяды», - деді Серікқали Брекешев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.