Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған

0
582

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.


Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдері облыста 6 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Олардың бірі Жамбыл ауданында тұрады. Жасы 29-да, Ресейден келген. Таразда екі науқас тіркелген. Біріншісі - 41 жастағы ерадам, ал екінші сол науқастың 69 жастағы туысы. 1 сәуірде ол ауруханаға жеткізілген болатын.

Сондай-ақ, Қордай ауданында да тағы екі адам коронавирус жұқтырған. 46 жатсағы ер адам мен 24 жастағы қыз. Олар Қырғызстаннан келген екен.

Шу ауданында бір жағдай тіркелген. 29 жастағы ер Қырғызстаннан келген.

Барлығынан сараптама алынған, олардың 70-нде коронавирус анықталмаған. Тек біреуі жұқтырған болып шықты.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті.