Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті

0
424

Қайғылы оқиға 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында болған.


Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында болған.

«Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Құрметті ересектер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер!» - дейді ТЖД өкілдері.