Жамбыл облысында прокуратура қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

0
803

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.


Жамбыл облысында прокуратура қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп 16 сәуірде Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкерін ұстады.

"Ол айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мен прокурор пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.