Жамбыл облысында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

0
243

29 жолаушы автобустан өз бетінше шығып үлгерген.


Жамбыл облысында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Автобус Алматы – Ташкент автокөлік жолында кетіп бара жатқан.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.