Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

0
450

Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр.


Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды, жазады zakon.kz.

Қазір Талас ауданы, Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. Қауіпті ауруды жұқтырған үш ауылдың тұрғыны ауруханада жатыр.

Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды.

Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды.