​Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еліміздегі әуе компаниялар рейстердің санын көбейтті

0
1 078

Жыл соңына дейін транзиттік әуе жолаушылары санының 900 мың адамға жететіні күтіліп отыр.


​Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еліміздегі әуе компаниялар рейстердің санын көбейтті

ERNUR.KZ. Жаңа жыл мерекесі алдында және мереке күндері қазақстандық әуе компаниялары ішкі және сыртқы бағыттар бойынша рейстердің санын көбейтіп отыр, деп жазады ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Осылайша, «Эйр Астана» әуе компаниясы келесі қосымша рейстерді ұйымдастырды:

Ішкі рейстер: Астана - Өскемен - Астана, Астана - Шымкент - Астана, Алматы - Астана - Алматы, Алматы - Ақтау - Алматы, Алматы - Шымкент - Алматы.

Халықаралық рейстер: Астана - Бангкок - Астана.

Ал «SCAT» әуе компаниясы келесі қосымша ішкі рейстерді ұйымдастырды:

Алматы - Петропавл - Алматы, Алматы - Ақтау - Алматы, Ақтау - Алматы - Ақтау, Астана - Ақтау - Астана, Астана - Талдықорған - Астана.

Комитеттің мәліметінше, азаматтық авиация саласында биылғы жылы өсімнің жақсы қарқыны сақталып отыр. Осылайша, 2018 жылдың 11 айында Қазақстан әуе компаниялары 7,3 млн адамды тасымалдаған. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға (6,8 млн. адам) көп.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында транзиттік әуе жолаушыларының саны 810 мың адамды құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 40 пайыз көп (2017 ж. - 578 мың). Жыл соңына дейін транзиттік әуе жолаушылары санының 900 мың адамға жететіні күтіліп отыр.