Жаңадан тіркелген "Байтақ" партиясының сайлауалды съезі 3 ақпанда өтеді

0
327

Саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы кеше өткізіп, саяси додаға қатысатын үміткерлердің тізімін жариялады.


Жаңадан тіркелген

ERNUR.KZ. 3 ақпан күні сағат 11:00-де Астана қаласында "Байтақ" жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Съезд өткізу туралы шешім партия саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданған. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.
Съезді шақыру туралы қаулыға "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы кеше өткізіп, саяси додаға қатысатын үміткерлердің тізімін жариялады.

Ал, 2 ақпан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХ съезі, 7 ақпанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтетіні мәлім.