Жаңаөзенде иттерді аяусыз атқан азаматтар видеоға түсіп қалған

0
1 066


Жаңаөзенде иттерді аяусыз атқан азаматтар видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Видеода кадр сыртындағы дауыс өлген иттердің денелерін санап жатыр - олардың саны 18. Олардың арасында тірі күшік пен овчарка иті де бар болып шықты деп жазады Stan.kz

“Біз мұнда жануарлардың барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ олар келіп иттерді өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, күлге апарып тастайды. Мұндай не болып жатыр өзі?!", - дейді зооқорғаушы.

Желіде қазақстандықтар видеоға наразы пікірлер қалдыруда. Олар шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.

Айта кетейік, Қазақстанда қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.