Жаңаөзенде полицейге пара берген адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

0
539

Ол екі мың теңге пара бермек болған


Жаңаөзенде полицейге пара берген адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде полицейге пара бергені үшін ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Автокөлікпен тыйым салынған бағдаршам түсіне жүріп өткен жүргізуші полиция қызметкерінің назарына ілікті. Заңсыздық ресми түрде ресімделмеу үшін ол тәртіп сақшысына пара беруді ұсынды. Белгілі болғандай, тәртіп бұзушы екі мың теңгемен мәселені шешіп тастағысы келген. Әңгіменің бейнетіркегішке жазылып жатқанына қарамастар ол ақшаны жолаушылар орнының арасына қойды», - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкері болған оқиға туралы тиісті органдарға баяндап, ер адамды жауапкершілікке тартты. Жаңаөзен қаласының әкімшілік соты құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған 200 АЕК немесе 555 600 теңге көлемінде айыппұл салды.