Жаңаөзенде жұмыс беруші қызметкерлерге 24 миллион теңге сомасында жалақы төлемеген

0
1 330

62 қызметкерге 2022 жылдың желтоқсан айы мен биыл ақпан айы үшін жалпы сомасы 24 млн. теңгеден астам жалақы төленбеген.


Жаңаөзенде жұмыс беруші қызметкерлерге 24 миллион теңге сомасында жалақы төлемеген

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында прокуратура ESCAD компаниясына еңбек заңнамасының сақталуына байланысты тексеру жүргізіп, құқықбұзушылықтарды анықтады, деп жазады stan.kz.

62 қызметкерге 2022 жылдың желтоқсан айы мен биыл ақпан айы үшін жалпы сомасы 24 млн. теңгеден астам жалақы төленбеген.

Нәтижесінде прокуратура Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолдады.

Ұсынуды қарастырғаннан кейін берешек толығымен өтеліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу шеңберінде жұмыс берушіге ҚР ӘҚБтК 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу" 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.