Жаңаөзендегі инкассаторларға жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды

0
861

Банктегілер 3 желтоқсанда кешкі уақытта "Сбербанк" бөлімшесінің маңында инкассатор машинасына шабуыл жасалғанын растады.


Жаңаөзендегі инкассаторларға жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды

ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі инкассаторларға жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сбербанк" АҚ өкілдері қарақшылық шабуылға қатысты пікір білдірді.

Банктегілер 3 желтоқсанда кешкі уақытта "Сбербанк" бөлімшесінің маңында инкассатор машинасына шабуыл жасалғанын растады.

"Сбербанк" клиенттерінің ақшасы толық мөлшерде сақтаулы. Алдын ала мәліметіміз бойынша, шабуыл салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Сбербанк" жасалған қылмыстың мән-жайы тез арада анықталып, кінәлілер жазаланатынына сенім білдіреді", - деді компаниядағылар.