Жаңаөзендегі жарылыс: Ауруханаға түскен тағы екі адам қаза болды

0
475

Зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетілген.


Жаңаөзендегі жарылыс: Ауруханаға түскен тағы екі адам қаза болды

ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі жарылыстан кейін ауыр халде Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген 46 және 51 жастағы екі ер адам қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетілген.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ жарылды.

Кейін дереккөздің айтуынша, көпқабатты үйде жарылған газ баллоны емес, табиғи газ жарылғаны белгілі болды.

Жаңаөзендегі жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.