Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығатын болды

0
596

Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-ші айқасы болады.


Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығатын болды

ERNUR.KZ. 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-ші айқасы болады. Бұған дейін Тұраров 24 кездесуде де жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқоштың қарсыласы кім болатынын алдағы уақытта анықталады.

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBO белбеуіне таласады. Оның да қарсыласы әлі белгісіз.

Ал Даниярдың алдында шаршы алаңға Иван Дычко (10-0, 10 КО) өнерін көрсетеді. Бұл боксшылардан бөлек, 18 желтоқсанда Ержан Залилов пен Ескендік Харсан да жұдырықтасады.