Жапония университетінің студенттері Димаш Құдайбергеннің әндерінен дәріс тыңдайды

0
779

Курс бағдарламасы әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрісті қамтиды.


Жапония университетінің студенттері Димаш Құдайбергеннің әндерінен дәріс тыңдайды

ERNUR.KZ. Жапонияның ең ірі университеті оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізді, деп жазады adyrna.kz.

Бұл туралы dimashnews.com сайты жариялады.

Жапонияның ең ірі «The Open University of Japan» университетінде Орыс тілін үйрену бойынша жаңа курс ашылып, оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізген.
Атап айтқанда, студенттер "Я скучаю по тебе", "Знай" және "Любовь уставших лебедей" атты 3 әнімен танысады.

Курс бағдарламасы әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрісті қамтиды. Бұл дәрістер 3 сәуір мен 10 шілде аралығына есептелген және тек қана Жапонияда таратылады. Осы аралықта студенттер Димаштың әндерін 3 рет тыңдайды.

Айта кетейік, Чиба аймағында орналасқан "The Open University of Japan" – күншығыс елінің ең танымал университеті. Онда 80 мыңға жуық студент қашықтықтан білім алады.