Жас өнертапқыштар тетрақаптамадан сұйық түсқағаз жасау жолын ойлап тапты

0
1 106

Тетрапак – әмебап өнім, оның құрамындағы заттардың 20 пайызы полиэтилен, 5 пайызы аллюминий және 70 пайызы картон қағаз.


Жас өнертапқыштар тетрақаптамадан сұйық түсқағаз жасау жолын ойлап тапты

ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Аида Тегумбаева мен Аружан Мәмбетова пайдаланылған тетрақапшықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық жоба ұсынып отыр, деп жазады baq.kz.

Олардың айтуынша күніне табиғатты ластап, экологияға орасан зиян келтіретін тетрақаптамалар қоқысқа тасталады.

Жас өнертапқыштар осы қалдықты қайта өңдеу арқылы, қабырғаны сәндеуге арналған материал жасаудың жолын тауып отыр. Олар өз жобасын «Тетрапакеттерді қайта өңдеу және жою негізінде сұйық түсқағаздар жаса» деп атаған.

"Тетрапак – әмебап өнім, оның құрамындағы заттардың 20 пайызы полиэтилен, 5 пайызы аллюминий және 70 пайызы картон қағаз. Сатып алған кезде оның құрамы туралы ешкім ойламайды, қағаз екен деп қоқысқа тастай салады, бірақ, құрамында жаңағыдай улы заттар толып жатқанын біле бермейді. Оны жинайтын жер де аз, ТМД елдерінде тек 15 орын ғана пайдаланылған тетрапакетті қабылдайтын орын бар екен. Ал, біздің елімізде мұндай зауыт тек Алматы қаласында ғана бар", - дейді жас өнертапқыштар.

Бұл жобаны жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен тетрапакетті кесіп, аллюминий фальганы ажыратып алады. Кейін қағазды ұсақтап қияды да су құйылған ыдысқа салады да, қоймалжың күйге жеткенше дейін блендерде араластырады. Дайын сұйық массаны қалауынша бояу қосып, қабырғаға жағады. Осылайша, үйдің ішін өз қолыңызбен әрлеп, сәндеуге болады.

Бұл қолдан жасалған өнім болғанымен өндіріске енгізсе қағаз түсқағаздарды аламстыруға мүмкіндік берер еді. Бұл біріншіден табиғатты қорғау, өйткені, түсқағаз жасауға қаншама ағаш кесіледі. Екіншіден, қаладағы қоқыстарда шашылып жатқан тетрапкет болмас еді, бұл біздің экологиямыз үшін қаншама пайда, - дейді жас ғалымдар.

Аружан мен Аида әзірге өз өнімдерін саудаға шығаруға немесе айналымға жіберуге асығар емес. Алдымен, оның мықтылығын, температуралық қысымға төзімділігі мен пайдалану мерзімінің ұзақтығын тексеріп алмақ. Ал, іске асыратын болса сұранысқа ие болатынына сенімді. Өйткені, өзіндік құны арзан болмақ.

Аида мен Аружан бизнес –жоспар құруды «Astana Hub» өкілдерінен сұрастырып біліп қана, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Бизнес-Титандар сайысы» стартап-жобалар байқауына жолдаған болатын. Әзірге дайын өнім мен өндіріс туралы айтуға ерте, бірақ жетілдіру жөніндегі ізденістерімізді тоқтатпаймыз дйді қыздар. Ең бастысы, жастарға тән албырттық пен өз істерінің өміршеңдігіне сенімдері зор.