Жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейді

0
551

Қазір Маңғыстауда жүктілік бойынша кәмелетке толмаған 240 қыз есепте тұр.


Жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейді

ERNUR.KZ. Былтыр аяғы ауыр 193 жеткіншек тіркелді. Бұл аймақтағы жүкті әйелдер жалпы санының 1% құрайды, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, тіркеу мәліметі бойынша, 2023 жылдың 12 айында 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6 жасанды түсік тіркелді.

"2023 жылы жүкті әйелдер тізілімі бойынша 207 жасөспірім босанды. Осындай көрсеткіш 2022 жылы да тіркелген. Бұл барлық босанудың 0,9% құрады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, кәмелетке толмағандардың барлығы перзентханада босанды.