Жасотандықтар Тәуелсіздік батырларына құрмет көрсетті

0
1 255

Алматыда 500-ден астам жасотандық 1986 жылы желтоқсанда республика алаңында қаза тапқандарды еске алды.


Жасотандықтар Тәуелсіздік батырларына құрмет көрсетті

ERNUR.KZ. Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жасотандық Тәуелсіздік батырларына құрмет көрсетіп, тағзым етті. «Jas Otan» белсенділері еліміздің барлық қала орталықтарындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өзінің таяудағы құттықтауында атап өткендей, 29 жыл бұрын Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін біз ата-бабаларымыздың көпғасырлық арманын орындадық.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстанның алдында бірқатар жаңа ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Біз берік іргетасы мен прогрессивтік құндылықтары бар экономикалық қуатты, әлеуметтік әділетті және ашық қоғам құрудамыз. Біз дәйекті реформалар мен сапалы қайта құрулар жолымен келеміз. Бұл саясат жалғасады», - делінген аталған хабарламада.

Осылайша, мереке құрметіне Алматыда 500-ден астам жасотандық 1986 жылы желтоқсанда республика алаңында қаза тапқандарды еске алды.



«Jas Otan» төрағасы Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, бүгінгі акция аға ұрпаққа олардың ерлігі үшін ризашылығымыздың аз ғана бөлігін көрсетеді.

«Тәуелсіздік аспаннан құлаған жоқ, ол азаппен келген дүние. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Махамеджанова, Ләззат Асанова және басқа да қазақ ұлтының ұлы батырларының есімі ешқашан халық есінен шықпайды. Біз осындай айтулы оқиғаның өзегіне айналған осы ерекше күнді Алматыда өткізуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кету керек, акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтті, қатысушылар маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтады.