"Жасыл" статусы жоқ қазақстандықтар демалыс күндері қайда кіре алады

0
803

Демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.


НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "көк" статус шығатын адамдарға қайда кіруге рұқсат етілетінін айтты.

"Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, колледждерге, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханаларына "жасыл" статус болуы керек деген талап қойылмайды", - деді Пірәлиева брифингте.

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі.