«Жауапқа тартылады»: Жеңіс Қасымбек тәжік көрмесінде болған жайтқа қатысты пікірін айтты

0
3 596

Оның сөзінше, кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тиді.


«Жауапқа тартылады»: Жеңіс Қасымбек тәжік көрмесінде болған жайтқа қатысты пікірін айтты

ERNUR.KZ. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында тайталаспен өткен көрмеге қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Өздеріңізге белгілі, өткен демалыста EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп өнімдеріне және ұлттық қолөнеріне арналған көрме-жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылды. Дегенмен өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі», -деп жазды бала қасшысы.

Оның сөзінше, кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тиді.

«Көрме-жәрмеңкеге 100 мыңға жуық адам қатысты, бұл іс-шарада қала тұрғындарының басым бөлігі мәдениетті болғанын ерекше атап өткім келеді. Оларға алғысымды білдіремін! Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. Полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылды. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады», - де мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Тақырыпқа орай: «Өздері таратты»: Астана әкімдігі тәжік көрмесіндегі тұрғындар әрекеті туралы

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода көрмеге келген астаналықтардың жемісті талан-таражға салған әрекеті барша жұрттың жағасын ұстатқан еді.

Қала әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне екі күн ішінде 100 мыңнан астам адам келгенін хабарлады. Екі ел басшылары қатысқан аталған шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өткен болатын.