Жауын-шашынды болады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

0
576

Аптаның ортасына қарай температура төмендейді.


Жауын-шашынды болады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" орталығы мамандары алдағы үш күнге, яғни 27-29 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Апта басында Финляндиядан көп мөлшерде ылғал ала келетін циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына әсер ептпей қоймайды. Жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар), кей жерде нөсер болады. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшейеді. Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады.

Тек аптаның ортасына қарай Батыс антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температура төмендейді.

Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды.