Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған адам екі айға қамауға алынды

0
722


Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған адам екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дакебаев екі айға қамауға алынды, деп жазады BAQ.KZ.



“28 қаңтарда сот Нұрболат Дакебаевты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай шығарды. Ол оған шағымданбады, - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам 1 ақпан күні Қарағанды облысында ұсталған еді.

Ол жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, кейін қашып кеткен болатын.