Жеке практикамен айналысатын азаматтар жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеу міндетті

0
309

ЖТС сомасы жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық салынатын табысының сомасына 10% мөлшерлеме қолдану арқылы ай сайын есептеледі.


Жеке практикамен айналысатын азаматтар жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеу міндетті

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 5 мамырында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі аяқталады, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, ЖТС төлеу жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың 2023 жылдың сәуір айында алған табыстары бойынша жүзеге асырылады.

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан, нотариаттық, адвокаттық, кәсіби медиаторлық қызметті жүзеге асырудан, оның ішінде тиісінше заң көмегін көрсетуге, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға ақы төлеуден алынған кірістердің барлық түрлері.

Сондай-ақ, ЖТС қорғаныс пен өкілдікке байланысты шығындарды өтеудің алынған сомаларына жатады.

ЖТС сомасы жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық салынатын табысының сомасына 10% мөлшерлеме қолдану арқылы ай сайын есептеледі.