Жел жылдамдығы сағаты 100 шақырым": Желіде Қазақстанда қауіпті дауыл болатыны туралы видео тарады

0
375

Желіде Қазақстанда тропикалық дауыл болатыны туралы видео жарияланды.


Жел жылдамдығы сағаты 100 шақырым

ERNUR.KZ. Онда 2024 жылы 9-10 ақпан күндері жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін жететін жел соғатыны айтылған. "Қазгидромет" синоптиктері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша бұл ақпарат қате.

"Видеода талқыланған циклон Қазақстан аумағынан шықпайды. Жел күшіне келетін болсақ, видеода көрсеткіштер сағатына 100 шақырым деп көрсетілген. Демек ол секундына метрмен есептегенде 27-28 метр секунд", – деді синоптиктер.

Синоптиктердің хабарлауынша, 6 ақпанда Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында секундына 30 метр және одан да жоғары жел соғады.

Дауылды ескертуге сәйкес, 7-9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде екпіні секундына 23-28 метр жел күтіледі. Одан кейін Қазақстаннан тыс жерде циклон қозғалады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа: Төтенше жағдайлар департаментінің 112 кезекшілік-диспетчерлік қызметіне сенуге, біздің сайтта және DARMEN мобильді қосымшасында дауылды ескертулерді бақылауға шақырады", – делінген хабарламада.