Желіде биік аттракционның төбесінде тұрған ер адамның видеосы тарады

0
496

Аттракционның биіктігі 65 метр екені атап өтілді.


Желіде биік аттракционның төбесінде тұрған ер адамның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Желіде биік аттракционның төбесінде тұрған ер адамның видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Видео Astanovka98 Telegram арнасында жарияланды. Видеодан қара киім киген ер адамның аттракционның ең биік төбесінде тұрғаны көрінеді. Аттракционның биіктігі 65 метр екені атап өтілді.


Жақын маңдағы өрт сөндіру көлігі де видеоға түсіп қалған. Видео жарияланғаннан кейін Желі қолданушылары ер адам аттракционды жөндеп жатқан жұмысшы болуы мүмкін деп болжаған.

Астана полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.