Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3%-тік кредит беріледі

0
366

Былтыр қаңтар-қарашада Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп капиталына 25 653,4 млн теңге инвестиция салынған.


Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3%-тік кредит беріледі

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытуға пайыздық мөлшерлемесі 3%-тік несие беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр қаңтар-қарашада Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп капиталына 25 653,4 млн теңге инвестиция салынған. Бұл 2022 жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 4,3 есе жоғары. Негізгі инвестиция көлемі барлық кіші салаларда артқан. Мысалы тоқыма бұйымдарын өндіруде 3,6 есе, киім 5,9 есеге, былғары және оған қатысты өнімдер 16,6 есеге өскен.
"Өткен жыл соңында Түркістан облысында инвестиция көлемі 3 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауыты мен Батыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 1 млрд 300 млн теңге болатын бигбег өндірісі жұмысын бастады. Астана қаласындағы инвестиция көлемі 800 млн теңгені құраған тігін фабрикасы іске қосылды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ Түркістан облысында да инвестиция көлемі 300 млн теңге болатын тігін фабрикасы жұмысын бастаған.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына мемелекет тарапынан қолдау көрсетіледі.
"Несиелік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы шеңберінде кәсіпкерге жылдық 8%-пен кредиттер беріледі. Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде негізгі қарыз алушыға 8%-ке дейін жеңілдетілген кредит беріледі", - деп хабарлайды министрлік.
Сондай-ақ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3% пайыздық несие беріледі.