90-ға келсе де шәкірт тәрбиелеп жүрген қазақстандық жаттықтырушыны «Гиннес» рекордтар кітабына енгізу ұсынылды

0
1 391

Бұл ұсынысын​ Ерсұлтан Бектұрғанов Павлодар қаласында өткен бокстан VII Халықаралық турнирде айтты.


90-ға келсе де шәкірт тәрбиелеп жүрген қазақстандық жаттықтырушыны «Гиннес» рекордтар кітабына енгізу ұсынылды

Мәжілісі депутаты даңқты жаттықтырушы, С.Торайғыров атындағы ПГУ профессоры Рафаэл Вахитовты Гиннес рекордтар кітабына енгізуді ұсынды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ұсынысын Ерсұлтан Бектұрғанов Павлодар қаласында өткен бокстан VII Халықаралық турнирде айтты.

« Жылдар бойы жас ұрпақты боксқа үйретіп, талай чемпиондар дайындағаныңыз үшін министрлік алғыс білдіреді. Мен өз кеңесшілеріммен әлемдегі жасы 90-ға келген жаттықтырушылардың бар-жоғын ұзақ уақыт анықтадым. Сіз жер бетіндегі тоқсан жастағы жалғыз жаттықтырушы екенсіз. Сондықтан баршамыз құрмет тұтатын Рафаэл Вахитовты «Гиннес» кітабына ендіруді ұсынамын. Бұған Парламент Мәжілісінің депутаттары қарсы болмайды деген сенімім бар»,- деді Е.Бектұрғанов.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты 90 жастағы жаттықтырушға Мәдениет және спорт министрлігінің «Алғыс хатын» табыс етті.

Ал, «Гиннес» кітабына ұсынылған Р.Вахитовтың жаттықтырушы ретінде танылуы Ұлы Отан соғысы жылдарында болған. Майданда машинист бола жүріп, полк құрамасын жаттықтырған. Жылдар өтсе де бұл кәсібі нәсібіне айналып, әлі күнге дейін жаттықтырушылық қызметте жүрген қария чемпиондар шығарудан шаршамайтынын айтады.