Жер сілкінісі алматылықтардың Астанаға көшуіне түрткі болды ма?

0
297

23 қаңтарға қараған түні алматылықтар жер сілкінісін сезді.


Жер сілкінісі алматылықтардың Астанаға көшуіне түрткі болды ма?

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен жер сілкінісінен кейін Астанаға көшкен алматылықтар легі байқала ма деген сұрақ қойылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Менің білуімше, алматылықтар өз қаласын жақсы көреді. Иә, оларға, бәлкім, елордаға көшу қызық шығар. Жаппай кетуі екіталай", - деді Сәденов журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, журналистер жер сілкінісі туралы хабарланбағандықтан алматылықтардан арыз-шағымдар болған-болмағанын сұрады.

"Ақпарат алмау бойынша - мұндай шағымдар болған жоқ. Мұндай, айталық, мүдделер болған жағдайда полицияның өз міндеті бар - аймақтарды қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті күзету және сақтау. Бізге мұндай мәлімдемелер түскен жоқ", - деді Сәденов.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Алматыдағы жер сілкінісінің күші 5 балл болды.