Жетісу облысында бірқатар балабақша басшылары жаппай жазаланып жатыр

0
591

Мемлекеттік мекемелердің басшылары қажетті заттарды ешбір тендер өткізбей сатып алған.


Жетісу облысында бірқатар балабақша басшылары жаппай жазаланып жатыр

ERNUR.KZ. Жетісу облысында мемлекеттің қаражатын дұрыс пайдаланбаған балабақша басшыларына қатысты прокуратура тексеру жүргізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мемлекеттік мекемелердің басшылары қажетті заттарды ешқандай тендер өткізбей-ақ сатып ала берген. Бұл қоғамдағы бизнес субьектілерінің жұмысына кедергі келтіреді. Прокуратураның тексерісі бойынша заңсыздыққа барған 10 балабақшаның басшысы жауапкершілікке тартылды.

«Панфилов ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік мекемелері мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін қолданбай тауарлар мен қызметтерді сатып алғанын анықтады. Мысалы, «Арай» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тек жүкқұжат бойынша 1,9 млн теңгеге шаруашылық тауарларын сатып алған. Өзгеде мекеменің басшылары сатып алу және шарт жасасу тәсілдерін қолданбай жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алған», - деді Жетісу облыстық прокурорының көмекшісі Ләйлім Әбілмәжінова.

Мұндай әрекеттер әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру қағидатын бұзды («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 4-бабы) және өзгеде бизнес субъектілерінің құқықтарын шектеуге әкелді. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларына ӘҚБтК-нің 163-бабы 3-бөлігі (жосықсыз бәсекелестік)заңсыздыққа барғандары үшін жалпы сомасы 14,4 млн теңгенің айыппұлы салынды.