Жетісу облысында лауазымды тұлғалардың жауапсыздығынан жеті мың бала вакцинасыз қалды

0
293

Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінан қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған.


Жетісу облысында лауазымды тұлғалардың жауапсыздығынан жеті мың бала вакцинасыз қалды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында вакцинация туралы заңнаманың бұзылған, деп жазады sputnik.kz.

Облыстың денсаулық сақтау саласында бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, вакцинация туралы заңнама бұзылған. Сондай-ақ жалған вакцинация және басқа да бұзушылықтар анықталды.
"Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінан қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған, нәтижесінде бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген. Сондай-ақ "А гепатитіне" қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, былтыр 135 млн теңгеден астам сомаға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек", - дейді ведомстводағылар.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары және тағы 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.