Жетісу облысында шенеуніктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан

0
697

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері жоқ тұлғаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 22 тоннадан астам жанар-жағармай сатылғаны анықталды.


Жетісу облысында шенеуніктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан

ERNUR.KZ. Жетісу өңіріндегі әкімдіктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан, деп жазады stan.kz.

“Талдықорған қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құны 4,5 млн теңге болатын фермерлерге арналған арзандатылған дизель отынын заңсыз сату фактілерін анықтады”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері жоқ тұлғаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 22 тоннадан астам жанар-жағармай сатылғаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімдіктің кінәлі тұлғалары жауапқа тартылды.