Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

0
467

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.


Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

ERNUR.KZ Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды, қайғылы оқиға Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында болған, деп жазады Zakon.kz.

38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты.


Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.

жол апаты

Сурет: polisia.kz

Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.